Әлемге әйгілі әнші Селена Гомес күйеуге шықты

Әлемге әйгілі әнші Селена Гомес күйеуге шықты
Фото: instagram.com/selenagomez/

Америкалық актриса әрі әнші Селена Гомес пен музыкалық продюсер Бенни Бланко ресми түрде ерлі-зайыпты атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гомес Instagram парақшасында тойдан алғашқы суреттер мен видеоларын жариялады. Онда ол ақ көйлек киіп тұр. 33 жастағы Селена Гомес "9.27.25" деп жазды. 

37 жастағы Бенни Бланко суреттерге "менің әйелім" деп пікір қалдырған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Selena Gomez (@selenagomez)

Олардың қарым-қатынасы қалай басталды?

Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы 2023 жылы басталған. Алғашында олар мұны жасырған, бірақ Селена Instagram-да әсерлі жазба жариялағаннан кейін жанкүйерлер олардың ғашық екенін біліп қойған.

2024 жылғы желтоқсанда Гомес продюсерге тұрмысқа шығатынын жариялады. Ол кезде де Instagram-да жүзігін көрсеткен болатын. 

Екеуінің 2015 жылдан бері таныс. Ол кезде Бланко Селенаның Same Old Love және Kill ’Em With Kindness атты хиттарына продюсерлік еткен. Бұл туындылар оның Revival альбомына енген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget