Әлем чемпионатында жапондар әлемді таңғалдырып жатыр

Әлем чемпионатында жапондар әлемді таңғалдырып жатыр
Фото: CATHERINE IVILL/GETTY IMAGES

Жапондар әлемді тағы да өз мәдениеттілігімен таңғалдырды. Әлем чемпионатында сәрсенбі күні Жапония құрамасы Е тобындағы матчта немістерді 2:1 есебімен ұтты. Топтық кезең ойыны аяқталғаннан кейін жапондар әдеттегідей қоқыс жинай бастады.

Жапониялық жанкүйерлердің ірі матчтардан соң стадионды жинап кететінін осыған дейін де байқап жүрміз. Олардың қоқысты пакеттерге ұқыпты салып жатқан видеосы алғаш рет Ресейдегі әлем чемпионатында пайда болды. Дондағы Ростовта Бельгиямен матчтан соң трибуналар тап-таза болып қалды. Бұл кезде футболшылар да киім шешетін жерді тазартып кеткен болатын.


Полина Куимова

"Халифа" стадионына жапон жанкүйерлері қауымдастығы өзімен бірге арнайы пакеттер алып келіп, оларды белсенді жанкүйерлердің орындарына қойып қойды. Орындықтарға көп ешкім отырмағандықтан, шамамен екінші таймның ортасына қарай ұқыпты жиналып тұрған пакеттер аяқасты қоқысқа толды.

Бірақ шара біткен соң халық тапалып қалған пакеттерді де, қалған қоқысты да жинады. Орындықтардың маңында ештеңе қалмады. Барлық пакет фуд-корттағы қоқыс тастайтын орында ұқыпты жиналып тұрды.

Полина Куимова

Бірақ бұл белсенділікті бәрі бірдей құптай қойған жоқ. Стадионда жинау жұмыстарының көп бөлігін өз мойнына алған бірнеше белсенді болды, сондай-ақ өз пакеттерін алып, кетіп қалғандар да болды.

"Мен бұл белсенділікке қатысқым келмейді, - деп түсіндірді жанкүйерлердің бірі Хакуми. - Қоқыс жинау - тазалау бойынша қызметтің жұмысы деп санаймын, бізге оны олардың орнына жасаудың қажеті жоқ. Иә, біз мәдениеттіміз және ол бүкіл әлемге белгілі факт. Менің ойымша, тазалау жұмыстарын ұйымдастырып жүрген жанкүйерлер тобы осыны көрсетіп, бір жағынан әлеуметтік желілерде әсер қалдырғысы келетін сияқты".

А. Жапатова