Қазгидромет 15, 16, 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа температурасы төмендейді
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон ықпал етеді. Сондықтан республика бойынша ауа температурасы төмендейді.
Қай өңірлерде қатты аяз болады?
- 15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді.
- Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз болады.
Қар, тұман, көктайғақ
15-16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қатты қар жауып, көктайғақ болады. 16-17 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында да қатты қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова