- Негізгі бет
- LifeStyle
- Алдағы күндері қай...
Алдағы күндері қай өңірлерде аяз сынады?
Синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігіне, шығысына, оңтүстік-шығысына және орталығына әсер етеді, сондықтан бұл өңірлерде аяз сақталады. Алайда оңтүстік циклон әсерінен елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын болады. Тіпті таулы аймақтарда қатты қар жауады. Ал республиканың оңтүстік-шығысында біртіндеп аяз сынады.
"Ауа температурасы батыста түнде 10-25 градусқа дейін, күндіз 5 -15 градус аязға дейін төмендейді, солтүстік және орталық аймақтарда түнде 28-38 градус, күндіз 15-23 градус аяз, шығыс аймақтарда түнде 32-45 градус, күндіз 20-32 градус аяз, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25 градус аязға дейін, күндіз 0-13 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды", - деп жазылған Қазгидромет мәліметінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова