Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, ал 7-8 шілдеде солтүстігі мен орталығында күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.

7 шілдеде орталықта, шығыста, 8 шілдеде батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 9 шілдеде батыста нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді деп күтіледі.

Сондай-ақ, синоптиктер елдің солтүстік-батысында, орталығында 35-39 градусқа дейін аптап ыстық, кей аймақтарда 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп болжап отыр. Республиканың солтүстігінде де күн ысып, термометр бағаны 35-38 градусқа дейін жетеді.

"Қалған аумақтарда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", — деді "Қазгидромет" мамандары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget