Қазгидромет 12, 13, 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жел күшейіп, тұман түседі
Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын жаумайды. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Ауа температурасы
- елдің батысында түнде 15-25 градус аяздан 2-12 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус аяздан 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін;
- солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 20-31 градус аяздан 15-25 градус аязға дейін, күндіз 15-22 градус аяздан 5-13 градус аязға дейін;
- орталығында түнде 20-31 градус аяздан 12-23 градус аязға дейін, күндіз 10-20 градус аяздан 1-12 градус аязға дейін жылынады.
- Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 13-23 градус аяздан 25-33 градус аязға дейін төмендейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!