Алдағы 5 жылда Қазақстанда зейнет жасы қалай өзгереді?

Алдағы 5 жылда Қазақстанда зейнет жасы қалай өзгереді?
Фото: Chatgpt.com

2026 жылы жасына байланысты зейнетке шығу ережелері өзгермейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда ерлер 63 жастан бастап зейнетке шығады.

Әйелдерге қатысты жағдай мынадай:

  • 2024 жылдан 2027 жылға дейін - 61 жас;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас;
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;
  • 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас;
  • 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас.

Айта кетейік, ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сәйкес кейбір азаматтарға бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін жеңілдетілген жас бар, олар жалпыға белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.

Алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget