Алда тағы да күн суыта ма?

Алда тағы да күн суыта ма?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 12, 13, 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көктем келгеніне қарамастан, аяздың беті қайтпай тұр. Әсіресе, қыстың ызғары солтүстік және шығыс өңірлерде қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай төмендеді.

12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, 14 наурызға қарай оңтүстік өңірлерде термометр бағаны +5…+10 градусты көрсетеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget