Қазгидромет 27, 28, 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Боран, көктайғақ
Алдағы күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды. Ел аумағында қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде де жаңбыр мен қар болжанып отыр. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға антициклон ықпал етеді. Бұл өңірлерде аяз болса да, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа температурасы
- Алдағы күндері батыс, солтүстік облыстарда аяз байқалады, түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Кейін ауа температурасы жоғарылайды: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.
- Ал орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С; күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова