Алда күн жылынып, артынша жаңбыр мен қар жауады

Алда күн жылынып, артынша жаңбыр мен қар жауады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 9, 10, 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады. Тек 10, 11 қазанға қарай республиканың батысы мен солтүстігінде жаңбыр, қар жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, шығыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget