Қазгидромет 17, 18, 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы одан әрі көтеріледі. Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін, оңтүстікте +15…+20 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыста +3…+8°С шамасында болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз