Альбина Шардарова танымал әнші Меруерт Түсіпбаевадан не үшін рұқсат сұрады?

Альбина Шардарова танымал әнші Меруерт Түсіпбаевадан не үшін рұқсат сұрады?
Фото: instagram.com/albina.shardarova

Альбина Шардарова танымал әнші Меруерт Түсіпбаевадан рұқсат сұрап, арнайы хат жазған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Әпке, сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай? Сізден бір рұқсат сұрайын деп едім. "Қимай сені барамын" деген әніңізді гитарамен айтып шығарсам бола ма? Рұқсат бересіз бе?", - деп Альбина Шардарова әнші әпкесіне арнайы хат жазған екен. 

Меруерт Түсіпбаева жас әншінің бұл өтінішін жерде қалдырмапты. 

"Сәлем. Ол әнді орындамаған адам қалмады, айта ғой, әрине...", - деп жауап беріпті Меруерт Түсіпбаева. 

Жақында Альбина Шардарованың орындауындағы ескі әннің жаңа нұсқасы тыңдармандарға жол тартады деген үміт бар. 

Еске салайық, жақында біреудің әнін рұқсатсыз орындағандарға авторлық құқықты сақтамағаны үшін шара қолданылатыны белгілі болды. Заң бұзғандар айыппұл төлеп, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева