ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдесе не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдесе, мына нәрселерді жасауды ұсынды:
Сондай-ақ агенттік құқық қорғау органдары өтінішіңізді тіркеу керек екенін ескертті. Сонымен қатар сізде қалатын өтініштің көшірмесінде құжаттың қабылданған күні көрсетілген тіркеу нөмірі болуы шарт.
Егер кредиттік ұйым сізге құжаттарды бермесе, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағыммен жүгінуіңіз керек.
Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз бойынша алаяқтар алғанын дәлелдей алмаса, орналасқан жері бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгіну қажет.
Егер сот сіздің пайдаңызға шешім шығарса, онда кредиттік ұйым:
Ол үшін кредиттік тарихыңызды жиі тексеріп тұру қажет. Есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚКО-дан немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады.
Агенттік кредиттік тарихыңызды тоқсан сайын кемінде бір рет тексеріп тұру керегін еске салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!