Алаштанушы ғалым Ғарифолла Әнес қайтыс болды

Алаштанушы ғалым, публицист Ғарифолла Әнес өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды Бағдат Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Орны толмас қаза, қазақ жұрты! Сенер алар емеспін. Өкінішті! Ғалым, алаштанушы, публицист, баспагер, қазақ ұлтының арысы – Ғарифолла Әнес өмірден озды. Отбасына, жақын туыстарына, қазақ халқына қайғырып көңіл айтамыз. Ғалымның жаны жәннаттың Фирдаус төрінде шалқысын. Ғарифолла Әнес ағаның жақсылығы ғасырлар бойы қазақ халқының тарихында жасайды. Ағаның әлі ұлты үшін атқаратын ұшан-теңіз жоспары бар еді. Әттең. Қайран, ағам-ау!", - деп жазды ол желіде. 

Айта кетейік, Ғарифолла Қабдолқайырұлы – 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған. Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және жариялау ісіне өз үлесін тұрақты қосқан ғалым. "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері. Бірнеше мерекелік медальмен де ма­ра­патталған тұлға.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!