Ақуызға бай, бағасы қолжетімді өнім аталды

Ақуызға бай, бағасы қолжетімді өнім аталды
Фото: depositphotos.com

Диетолог Эми Шапиро ақуызға бай, бағасы қолжетімді әрі көпшілік ескере бермейтін өнім ретінде сиырдың бауырын тұтынуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, сиыр бауыры - қоректік заттарға өте бай өнімдердің бірі. Оның құрамында ағзаға оңай сіңетін ақуыз, дәрумендер мен минералдар мол.

Эми Шапироның айтуынша, 100 грамм сиыр бауырында шамамен 26 грамм ақуыз бар.

Диетолог оның дәмі ұнамаса, тартылған сиыр етімен араластырып әзірлеуге кеңес берді. Мұндай қоспадан котлет, т.б. тағамдар жасауға болады.

"Оның дәміне үйрену қиын болса, тартылған етпен араластыру - оңтайлы шешім. Ал сүйікті дәмдеуіштеріңіз бұл өнімді күнделікті ас мәзіріне оңай енгізуге көмектеседі", - деді Эми Шапиро.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget