Актриса Гүлназ Жоланова өткен жылдың тамыз айында ана атанғанын ресми түрде растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса оқырмандарына отбасылық өмірін ашық көрсетпейді. Ол өмірінің бұл бөлігін тыныштықта ұстағысы келетінін айтқан болатын. Алайда ол әлеуметтік парақшасында былтыр тамыз айында ана атанғанын хабарлады.
"Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді "дейін" және "кейін" етіп өзгертті. Бұл айды асыға күткен болатынмын. Себебі бұл айда мен ана атандым", - деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, 2023 жылы танымал актриса Гүлназ Жоланова мен әнші Ерке Есмаханның сырға салу рәсімі бір күнге тура келген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!