Жақында тұрмысқа шыққан танымал актриса Фариза Ескермес үйлену тойында үш түрлі көйлек кигенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео да жариялаған.
"Күйеу жігіттің реакциясына қараңызшы. Мен тойда үш түрлі көйлек кидім. Қайда тапсырыс бергенім туралы да айтып беремін", - деп жазды актриса тойдағы контентін жариялап.
Фариза Ескермес үйлену тойын өзінің арманындағыдай етіп өткізіпті. Оның тойы үлкен тойханада емес, табиғат аясында, жақын достарының арасында өткен.
Ал актриса үш көйлегін де отандық дизайнерлерге тіктірген екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!