Kezdesu-дің кезекті қонағы - актер Шерхан Пірназар. Өнер иесі сұхбат барысында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің сөзінше, өмірлік жарымен жобалардың бірінде танысқан.
"2015 жылдары "Көзайым" деген жобада таныстық. Ол кастингте жұмыс істеді. Кейін мен оқу бітіріп, Қызылордаға кететін болдым. Айжанға хабарласып, "Қызылордаға жүр" дедім. Бұған дейін бір-екі рет қана көргенмін. Кез келген адам бармайды ғой. Сонымен Қызылордаға кетіп қалдым. Екі-үш айдан кейін тағы "Қызылордаға кел" деп хабарластым. "Бармаймын" деді. Қызылордада алты ай болып, Алматыға келдім. Солай сөйлесе бастадық. Осы сенің адамың-ау деген нәрсе болады. Солай ойлап, 5-қабатқа 15 мың теңгеге кран жалдап, үйленуге ұсыныс жасадым", - деді ол.
Шерхан Пірназар отбасылық мәселені қалай шешетінін де айтты.
"Айжан - өте сабырлы адам, іштей тынады. Көп жарыла бермейді. Орнымен қызғанады. Қызғанғаны жақсы ғой", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз