Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы әзілкештің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 115-1-бабы және ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша. Адвокат екеуміз бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады!" - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайының арасындағы дау әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!