Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қозғалған

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қозғалған
Фото: әлеуметтік желіден, ашық дереккөз

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы әзілкештің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінде Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 115-1-бабы және ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша. Адвокат екеуміз бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады!" - деді ол.

әлеуметтік желіден

Айта кетейік, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайының арасындағы дау әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget