- Негізгі бет
- LifeStyle
- Актер Асылхан Төлепов...
Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады
Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ассалаумағалейкүм, Аханай балам..! Сенсіз 1,5 жыл өтті. Бүгін ағаларың Алпамыс, Абылайхан және інің Әлиханның сүндет тойы. Әттең... Сенсіз... Бұл күнге сен жете алмадың ғой. Бүгін сен де талтаң басып, жүгіріп жүрер ме едің? Алайда сен үлкен ерлікпен, батырлықпен талай жүкті арқалап кеттің. Бүгінгі кеште менің жүрегімде сенің орның ерекше болады. Саған арнап ән айтқым келді. Бірақ барлығының жылағанын қаламадым және сенің жаның тыныш болғанын қаладым. Сені сағындық", - деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.
Еске салайық, бұл қайғылы жайтты Асылханның ағасы актер Артур Төлепов былтыр Instagram-да жазған болатын.
"Асылхан інімнің екінші баласы дүниеден озды. Кішкентай періште, иманың саламат болсын. Біз сені жақсы көреміз", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Асылхан Төлепов - қазақстандық танымал актер. Ол 2012 жылғы шыққан "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Сартай батырдың рөлінен кейін танымал бола бастаған. Актер 2017 жылы отбасын құрды.
А. Жапатова