Қазгидромет 3, 4, 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашын жауады. Кей күндері қатты жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, жел соғады.
Оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларына байланысты күндіз ауа температурасы солтүстікте 0-7°С аязға дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта 5°С аяздан 2°С жылыға дейін, оңтүстікте 8-17°С жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5-15°С жылыға дейін көтеріледі.
4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлеріндегі ауа райына скандинавиялық антициклон әсер етеді, соның әсерінен түнде ауа температурасы 20-28°С аязға дейін төмендейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз