• 496.66
  • 490.7
  • 5.54

Ақпанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Ақпанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: depositphotos.com

Ақпанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан қазақстандықтар тек сенбі, жексенбі күндері демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы ақпанда қазақстандықтарды 20 жұмыс күні мен 8 демалыс күні күтіп тұр.

Демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты өзгереді: бес күндік жұмыс аптасы үшін сегіз демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін тек төрт демалыс күні болады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін ақпандағы демалыс күндері:

  • 1, 8, 15 және 22 ақпан - сенбі күндері;
  • 2, 9, 16 және 23 ақпан -  жексенбі күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері - тек жексенбі күндері:

  • 2, 9, 16 және 23 ақпан.

Ақпанда бірқатар кәсіби мереке бар:

  • 1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні;
  • 2 ақпан - Ұлттық баспасөз күні.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова