"Аққамбарға ергенім". Әнші Тамара Асар жантебірентер жазба жариялады

"Аққамбарға ергенім". Әнші Тамара Асар жантебірентер жазба жариялады

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қызы 2 жасқа толғанын жеткізген.

"Өмірімізге ажар берген Ажарлы Шүкіргүліміз бұйырса 2 жасқа толып жатыр. Дені сау, жасы ұзақ, ойы мен бойы биік, абыройы мен амандығы қатарласқан инабатты, ибалы, иманжүзді, сөйлесе сөзі жанға дәру, қараса көзі жүрекке жылу беретін болашақта бір қазақтың жігітінің маңдайын жарқыратар әдемі қыз болып өсуін тілейміз. Балапанның бағына әке-шешесі туғандары аман болып, бақытты да,байсалды ғұмыр кешуін тілейміз", - деп жазған әнші.

Сонымен қатар, қызы дүниеге келген шақтағы сезімін еске алған.

"Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой, құбылаға қарап жайған алақанымды Құдай бос қайтармады.  Ажартайды босанған бойда дәрігер әкеліп кеудеме баланы қоя салып, омырауды алуды үйретіп жатқанда, өзім дірілдеп жатып көзімнің жасымен жарысып ыңылдаған әлди әнімнің түрі былай болды:

Бір Алланың бергені
Бапасынан көргенім
Аққамбарға ергенім
Жүгіріп-жүгіріп тергенім… дееп шалқамнан жатып қайталай бердім, бетімді жуған жас құлағымды бітеп тамып жатты..." - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!