"Ақиқаты сол". Әнші Төреғалидің жұбайы күйеуінің 4 әйел аламын деген сөзіне қатысты пікір білдірді
Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы Желідегі парақшасында жолдасының бірнеше әйел аламын деген сөзіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Толқын Тұрарбекқызына оқырмандары екінші әйел тақырыбына қатысты сұрақ қойған. Эстрада жұлдызы әйелінің айтуынша, әнші екінші әйел алуға рұқсат сұрауға міндетті емес.
"Біріншіден, тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын деді...
Екіншіден, екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды.
Міндетті емес.
Сондықтан қарсымын ба жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол", - деп жазды ол Желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлі онкологиялық ауруға күдік бар екенін айтып, Түркияға емделуге кеткенін жеткізген еді. Артынша ол отаның қалай өтеніні туралы айтты. Кейінірек ол өзіне қойылған диагноз туралы айтты.
Тағы да оқи отырыңыздар: Картасызбаның картадан айырмашылығы неде?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә