Әнші Әли Оқапов өзінің инстаграм парақшасында отбасылық суретпен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші ұлын 7 айға толуымен құттықтады.
"Зейін бүгін 7 айға толды) Бұл суретті біз бірнеше ай бұрын жасағанбыз. Қазіргі Зейінмен салыстырсаң - екі бөлек адам сияқты? Шынымен де, уақыттың зымырағанын баланың өсіп кеткенінен анық байқайсың. Бар тілегім-аман есен өсіп, денің сау болса болды. Тағы бір айың құтты болсын балам?", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге құттықтау сөздер жаудырды.
"Әкесінен аумай қалған", "Абыройлы азамат болып өсе берсін", "Үлгілі жанұя, бақытты болыңыздар", "Қандай сүйкімді балапан", - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін Әли Оқапов ұлының тегі туралы айтқан болатын.