Әкесіне уәде берген АҚШ тұрғыны 90 келіден аса салмақ тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі People-ға сілтеме жасап.
Өмір бойы Бриджетт Мур артық салмақпен күресіп келген. Денсаулығына шындап кірісуіне түрткі болған шешуші себеп - әкесінің өтініші. Ол ұйқыбез қатерлі ісігінен қайтыс болар алдында қызынан қандай жағдай болса да арықтауға уәде беруін талап еткен. Ол кезде Мур 27 жаста болып, қант диабетімен ауырған.
Қазір Мур 40 жаста, қазір оның салмағы - 85 келі. Бұл үшін оған 90 келіден аса салмақ тастауға тура келген, ал әкесінің алдындағы кінә сезімі оған күш бергенін айтады.
Әйел тұтынған калория мөлшерін қосымша арқылы қадағалаған. Кейін Мурға асқазан резекциясы жасалған.
Мур ары қарай да арықтауды жоспарлап отыр. Ол жеті жастағы қызы Амияға жақсы үлгі болуды мақсат етеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!