Жаным баклажаным лақапатымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева төрт баласымен филиппиндік азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол әлеуметтік желіде отбасылық бақытты сәттерінің видеолары мен суреттерін жариялап отырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, жұбайын кездестіргелі Аллаға деген махаббаты еселеп артқан.
"Майкты кездестіргелі Аллаға деген махаббатым қаттырақ болғандай, шүкіршілік арқасында. Пока мен балаларды бір-бірден тістерін, көтендерін жуамын, әкелері ойнатады. Жай ғана осы тікелей эфир сақталынып тұрсын. Балаларым өскенде көрсетемін", - деп жазды ол.
Блогер жариялаған видеода жұбайы мен балаларының бірге кітап оқып отырғаны көрінеді.
Желі қолданушылары жылы көрініске жақсы лебіздерін жазған:
Қазақтың ер азаматтары да баламен осылай айналысса ғой, біраз өзгеріс болатын еді Қазақстанда;
Керемет, қазір туған әкеден бұлай жылулық көрмей жүрген балалар бар;
Сенде мүмкіндік болды, сен балаларыңа жақсы әке таңдадың, жарайсың;
Көз тимесін, балаларыңмен бақытты ғұмыр кешіңдер;
Жандарым балапандар, қайда жүрсеңдер де аман болыңдар. Алла бақтарыңды ашсын;
Керемет, осындай әкелер көп болсын.
Еске салайық, бұған дейін де төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі қалай өзгергенін айтқаны туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Даналық кітабында» адам бойындағы қандай ізгі қасиеттер дәріптеледі?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!