"Әкесі болуым мүмкін" деп ер жігіт хабарласты". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласына қатысты тағы бір дерек шықты

"Әкесі болуым мүмкін" деп ер жігіт хабарласты". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласына қатысты тағы бір дерек шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібек біраз уақыт туған елінде болып анасын іздеді, алайда визасының мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетті. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты тағы бір жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, "баланың әкесі болуым мүмкін" деген ер адам табылған.

"Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. "Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы" деп бір Бауыржан есімді ер жігіт хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік", - деп жазды журналист.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кейін "Бармысың, бауырым?" және "Көреміз" редакциялары Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова