- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Әкесі 59-да, анасы...
"Әкесі 59-да, анасы 42-де": гендер пати жасаған ерлі-зайыпты жұртты тәнті етті
Әлеуметтік желіде гендер пати жасаған ерлі-зайыптының видеосы қызу талқыға түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әйел 42 жаста, ал ер адам 59 жаста. Көпшілік олардың жасын талқылаған.
Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі ана мен балаға мықты денсаулық тілеп, жылы лебізін білдірген:
Қандай бақыт! Ұрпағының рақатын көрсін!
Маңдайы торсықтай ұл тапсын жеңгеміз. Ағамыз 100 жасасын.
Қазақта Алпысбай да, Жетпісбай да болған. Дендері сау, өмірлері мәнді де сәнді болып ұзақ ғұмыр кешсін.
Бұрыңғы Елубайлар мен Алпысбайлар оралып жатыр, келіншектің жаны аман қалып, маңдайы торсықтай ұл тапсын.
Қандай керемет, қандай бақыт.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ztb мәлімтенше, ерлі-зайыптының бұған дейін екі ұлы бар. Ал гендер-патиде олар тағы да ұлды болатынын анықтаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова