Танымал әнші Тамара Асар неге ешкімге қарыз бермейтінін түсіндірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесіне "Үлкен сомадағы қарызыңыз қанша?" деген сұрақ қойылды.
"Мен қарыз алмаймын, қарыз бермеймін. Бала күнімнен әкем санама солай сіңірген. Қарыз бермеймін, бірақ жақыным болса, қарыз сұраған соманың жартысын сыйға беремін. Қарыз бергенде қарым-қатынас бұзылады. Несием жоқ", - деп жауап берді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!