Танымал режиссер, продюсер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалығын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Режиссер қызы өмірге келгенін айтты.
"Алла Тағаланың қалауымен қызым дүниеге келді. Айя-Сафия, қош келдің, бақытты бол!" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, игі тілегін жарыса жазған:
"Бауы берік болсын", "Бауы берік болсын! Алла тағала ұзақ ғұмыр, бақыт берсін", "Құтты болсын!"
Еске салайық, жуырда Ақан Сатаев ажырасқаннан кейін 4 жыл өткен соң актриса Альмира Тұрсынмен неке қиып, ресми түрде некесін тіркегенін мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!