- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ақ көйлек кимегеніме...
"Ақ көйлек кимегеніме өкінемін". Танымал актриса не үшін үйлену тойы болмағанын айтты
Актриса Зарина Кармен "Мамский әңгіме" Youtube-арнасына берген сұхбатында кезінде қалыңдық көйлегін кимегеніне өкінетінін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса жолдасымен той жасамағандарын, алайда құдалық өткізгенін айтты.
"Той керек емес деп шештік. Оған дейін біраз тойды көріп келдім. Біз негізі Америкаға барамыз деп жоспарладық. Десе де, 100 адамға құдалық жасадық. Бұл бүкіл туысқанға есеп беру ғой. Дәстүрдің барлығын жасадық. Бірақ енді үлкен той жасап, достарымызды жинаған жоқпыз. Ақ көйлек киген жоқпын. Кейде өкінемін. Кейде Азатқа (күйеуі) "мен күшті қалыңдық болар едім" деп айтамын", - деді актриса.
Актриса той жасаудың орнына Америкаға баруды жоспарлағандарын айтты.
"Бірақ біздің идеямыз күшті болатын. Біз 5 жылға виза жасаттық. Америкаға барамыз, Лас-Вегаста ешкімге ұқсамайтын той жасаймыз дедік. Онымен мен бірден бала көтердім. Қайдағы Лас-Вегас?! Сонымен бәрі де қалды", - деді Зарина Кармен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова