Астанада өткен концертте секіріп билеген әнші Мақпал Жүнісованың әрекетін желі қолданушылары сынап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астанадағы кешегі концертке келіп, қошемет көрсеткен халқына бас иемін, ғұмырлы болыңыздар, видеоны түсіріп жіберген, концертке келген туған сіңлім Анарға да рақмет!", - деп жазды Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында сахнада ән айтып, би билеп жүрген видеосын жариялап.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінгені байқалады. Оқырмандарының бір тобы Мақпал Жүнісованың сахнада секіріп билегенін ерсі көріп, сынға алып жатыр. "Ойбай, құлайсыз!", "Қатты секірмеңізші, құлап қаласыз ба деп қорқамын" деп алаңдаушылық танытқандар да, "Ақ қояндай" секірген апақ, айдай Мақпал апайымыз", "Адамға позитивті көңіл күй сыйлайсыз!", "Шырқаңыз, билеңіз ойнаңыз, күліңіз" деп қолдау көрсетіп жатқандар да бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!