"Ажырасып кетпесек болды". Ырысбала Икрамбай көңіліндегі күдігін жайып салды

"Ажырасып кетпесек болды". Ырысбала Икрамбай көңіліндегі күдігін жайып салды
Фото: YouTube

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай отбасында болатын күдікті ойды ортаға салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бар-жоғымен бөлісіп отыратын блогер жақында жаңа үйінен біртүрлі мазмұндағы жазба жариялады. 

"Бұл үйдің жөндеу жұмысы бітемін дегенше ажырасып кетпесек болды деп жүрміз", - деп жазылған жазбада. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында жаңа үйге көшкенде "Қатты еркелеп кетпедім бе?" деп әлі 5-6 ай жөндеу жұмыстарын жүргізетінін жазып еді блогер. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева