Kezdesu-дің кезекті қонағы - "Меломен" тобының әншісі Ролан Қазрет. Өнер иесі сұхбат барысында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Ролан Қазрет 12 жыл күткен қызына Әлиф деген есім қойған.
"Біреулер (сәбиге - еск.) 15 жылдан кейін жетіп жатыр. Тіпті бір кісіні білемін. 25 жылда бір қызды болды. 25 жыл не деген махаббат, не деген шыдам, не деген төзімділік?! Оның қасында біздікі 12 жыл. Оған да тәубә, шүкір! Ажырасу деген ой болған жоқ. Себебі үмітім ешқашан өшкен жоқ", - деді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова