Танымал әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын айтқан еді. Өнер иесі қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті. Ол "әрі қарай қалай өмір сүріп кетемін, қалай күн көремін" деген ой қатты қорқытатынын жасырмады.
"Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетті. Бүкіл стресс, депрессияны тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жинадым. Енді менің алдағы өмірімде бір ғана ой мазалайды. Және ол нәрсе мен сияқты кезеңде жүрген әйел қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайда жүрген жандар түсініп отырған болар... Айырылысқан жандардың көбін "әрі қарай қалай өмір сүріп кетемін, қалай күн көремін" деген ой қатты қорқытады екен", - деп жазды әнші.
Ол ажырасудың ауыр екенін, оқырмандарының қолдауына сенетінін айтты.
"Бұл - өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі ғажап емес нәрсе. "Ажырасу - бұл да бір өлім" деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Қатты әңгіме болып жатқанын білемін. "Әрі қарай қалай өмір сүресің?" деп жанымдағылар сұрағанда ол нәрсе де есіме түсті. Бірақ мен өз ақылыма, сіздердің қолдауларыңызға сенімдімін", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растағаны туралы жарияланған болатын. Кейін Жахан Отарғалиев бұған не себеп болғанын айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұстаздар туралы қызықты деректер керек
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз