Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева отбасылық суретін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші инстаграм әлеуметтік желісіне отбасымен бірге түскен суреттерді жариялады.
Әншінің оқырмандары жұлдызды отбасыны жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жаудыртты.
"Әже болған қандай жарасады", "Отбасыларыңызға бақыт тілейміз", "Зейін апасынан аумай қалыпты", "Отбасыларыңыз аман болсын", - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін Роза Рымбаева немересі туралы айтып, жұртты сүйсінтті.