Аида Кауменова Баян Мақсатқызының қыздарына ерекше көйлек сыйлады

Танымал отандық дизайнер Аида Кауменова Баян Мақсатқызына тұсаукесерге арналған көйлек сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Бүгін Аидочка бізге таңғы асқа келді. Оған көп рақмет, тұсаукесерге арналған көйлек әкеліпті", - деп жазды продюсер кішкентай қыздарға арналған көйлекті ашып көрсетіп. 

Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызына әнші Тамара Асар, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева және KeshYou тобының қыздары сыйлық жасаған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!