Күз мезгіліне ағзаны алдын ала дайындап, күнделікті ас мәзіріне өзгеріс енгізген жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандар ең алдымен маусым көкөністеріне - асқабақ пен сәбізге көңіл бөлуге кеңес берді. Олардың құрамында иммунитетті нығайтуға және ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажет А дәрумені мен жасұнық мол.
Сондай-ақ, майлы балықты жиі тұтынған пайдалы. Ол D дәрумені мен омега-3 май қышқылдарына бай. Ал жұмыртқа D дәруменінің тапшылығын толықтыруға және ағзаның қуатын сақтауға көмектеседі.
"Селен қорын толықтыру үшін құс еті мен теңіз өнімдерін жеуге болады. Ал мырыш сиыр етінде, бұршақ тұқымдастарда және жаңғақта көп кездеседі", - деді мамандар.
Бұдан бөлек, құрамында дәрумендер, минералдар, жасұнық пен пробиотиктер мол функционалды тағамдарға да назар аудару ұсынылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz