Ағзаға су жетіспесе, алғашқы белгісі қалай көрінеді?

Ағзаға су жетіспесе, алғашқы белгісі қалай көрінеді?
Фото: depositphotos.com

Нутрициолог Марина Мальцова ағзада су жетіспегенін білдіретін алғашқы белгілердің бірі себепсіз бас ауруы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, адамдар мұны көбіне ұйқы қанбауымен немесе күйзеліспен байланыстырады.

Су ағзадағы қан көлемін сақтауға, дене температурасын реттеуге, қоректік заттарды тасымалдауға және зат алмасу өнімдерін шығаруға қатысады.

"Сұйықтық жеткіліксіз болған кезде су-электролит теңгерімі өзгеріп, сусыздану күшеюі мүмкін", - деді маман.

Алайда дәрігер бас ауруы тек ағзаға су жетіспей жатқанын білдірмейтінін де ескертті. Бұл - түрлі себептен пайда болуы мүмкін белгі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget