- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ағзаға омега-3 жетіспеуінің...
Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі
Көпшілік адамның ағзасы дәрумендер мен микроэлементтердің, соның ішінде, омега-3 майлы қышқылдары жетіспеушілігін сезеді. Ағзамызда омега-3 майлы қышқылдары тапшы екенін қайдан білеміз?
Құрғақ тері
Тері ылғалды жақсы сақтау үшін және ұзаққа дейін жас болып қалу үшін оған омега-3 майлары керек: олар жасуша қабырғаларының құрылымына кіреді. Олардың деңгейі жоғары болған сайын тері қоректік заттарды жақсырақ сіңіреді және улы заттардан жылдамырақ құтылады. Яғни, ағзадағы майлы қышқылдардың деңгейі қаншалықты жоғары болса, тері жағдайы соншалықты жақсы әрі сау болады. Ал егер майлы қышқыл жетіспесе, бірден тері құрғақтығы пайда болады.
Әлсіз шаш
Егер жылтыраған шашпен және қанық шаш түсімен мақтана алмасаңыз, сізге омега-3 жетіспеуі әбден мүмкін. Себебі бұл майлар шашыңызды қатайтады, шаш түсуінің алдын алады және бас терісі жағдайын жақсартады.
Сынғыш тырнақ
Тырнағыңыз сына бере ме? Маникюріңіз ұзақ тұрмай ма? Тырнағыңыз өте жұмсақ болып бара ма? Күмән жоқ, сізге омега-3 қажет. Балық майын ішіп көріңіз, ол ағзаға жылдам сіңеді.
Нашар ұйқы
Ғалымдар омега-3 майлы қышқылы деңгейі мен ұйқы арасында байланыс барын байқаған. Бірақ бұл омега-3 қосымшасын жатарда ұйықтататын дәрі ретінде ішу керек деген сөз емес. Керісінше, оны таңертең ішкен жөн, сол кезде күні бойы өзіңізді қуатты сезініп, кешкісін жеңіл ұйықтайсыз.
Буындардың ауыруы
Омега-3 майлы қышқылдары – буындар ауруын жеңілдетуге көмектесетін қабынуға қарсы жақсы құрал. Егер бұл мәселеге уақытында көңіл бөлсеңіз, буындар мен тіндерді бұзатын процестерді тоқтата аласыз.
Ескерту: Кез келген дәрілік құралдарды немесе биологиялық қосымша қоспаларды дәрігер кеңесімен ғана ішу керек.
Терапевт неліктен "БАД"-ты дәрігер кеңесінсіз ішуге болмайтынын айтты
Тағы да оқи отырыңыз: Омега май қышқылдарын қай тағам түрінен алуға болады?
А. Жапатова