- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ағам кісі қолынан,...
"Ағам кісі қолынан, айуандықпен қаза тапты". Танымал стендапер оқырмандарынан көмек сұрады
Танымал стендапер, сцеранист Жансая Мұратбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол туған ағасыны кісі қолынан қаза тапқанын, алайда кінәлі адамдар әлі де жазаға тартылмағанын айтты.
"Кезінде "қарындасым" деп қорғаған ағамның құқығын енді мен қорғап жүрмін. Барлықтарыңызға қайырлы кеш. 2 айдан астам уақыт инстаграмды жүргізбедім. Оған үлкен себеп болғанын жақсы білесіздер. Білмейтіндер болса, 18-ші ақпан күні туған 6-шы ағам қайтыс болып, қырқын да өткіздік, сол суық хабарды естігелі 2 айдан астам уақыт өтті. Бұл жағдайды құқық қорғау органдары әділ жүргізіп, әрі жіті қадағаласа еш жерге жарияламаймын деп ойлаған едім, бірақ айтуға мәжбүрледіңіздер. Менің ағам кісі қолынан қаза тапты, нақтырақ айтқанда айуандықпен келтірілген соққылар салдарынан. Осы іс бойынша тергеу барысында әртүрлі бұзушылықтар болып жатқандықтан және тергеуге 100 пайыз көңілім толмағандықтан жауапты адамдардың үстінен әрбір органға ресми түрде арыз жазуға мәжбүр болдым, @ayagoz_rop @abai_department_police @qriim_mvdrk @ayagoz.prokuratura.kz @abai_oblprokuratura @prokuratura.govkz қазіргі таңда жауаптарын күтудемін. Өкінішке қарай біздің ауылда адамның өмірі ойыншыққа айналғандықтан, бар үмітіміз ауданда болған, бірақ Аягөз ауданының өзі өте төмен деңгейде жұмыс жасауда. Ескі жүйе, тамыр-таныс, ауданбызға келтіріп көп нәрсе қолжетімсіз деп жаба салу. Әлде адамның құқығы қала, ауылға бөліне ма? Қазіргі елімізде онлайн болып жатқан соттың өзі осылай созылып жатқанда, ауыл-аудандағылар кісі қолынан қаза тапқан жақынын жерлеп бір қиналса, артынан оның құқығын ақтап, ақиқат пен әділдікке жету үшін неше рет қиналатынын білесіздер ме? Неге жәбірленуші тарап ақиқат пен әділдікке жету үшін өздері жүгіруі керек? Күдіктеніп отырған адамдар да жетерлік. Неге олардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тағы да жәбірленуші тарап жүгіру керек? Сұрақ та, тексерілмеген нәрсе де көп. 106-шы бап 3-ші бөлімнен 99-шы бапқа ауыстырылуын талап етемін! Мен енді шыдап та, үндемей де отыра алмаймын! 100 пайыз көңілім толмайынша тиісті жердің, жауапты адамдардың барлығына жаза беретін боламын! Алдағы уақытта осы істі жауапты органдар қалай жүргізіп жатқандығымен және не істеп жатқандарымен, бұл іс қалай аяқталады барлығымен сіздерді хабардар етіп отыратын боламын. Ал сіздер тиісті органдар көріп, әрекетке көшу үшін осы парақшаларды комментарийде белгілей кетсеңіздер және репост жасасаңыздар, рахмет!", - деді ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Сан есімнің түрленуі мен сөйлемдегі қызметі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә