Ресейде құрамында есірткі немесе психотроптық заттар бар өсімдіктердің тізіміне адыраспан деген атпен белгілі гармала өсімдігі енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тыйым салынған өсімдіктердің тізімін кеңейту туралы ақпарат Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 ақпандағы қаулысында жарияланған.
Адыраспан құрамында алкалоидтың едәуір мөлшері бар екені атап өтілген. Бұл - емдік қасиеті бар улы өсімдік.
Адыраспан Азия елдерінде халық медицинасы ретінде көп ғасыр бойы қолданылып келді. Сонымен қатар, дәрігердің рецептісіз Адыраспанмен өзін-өзі емдеуге, оның қайнатпалары мен тұнбаларын қабылдауға болмайтыны айтылды.
Қазір адыраспан үй-жайларды аластау үшін де қолданылады. Ол "жын-шайтаннан" қорғап, тіл мен көзден сақтайды деген сенім бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!