- Негізгі бет
- LifeStyle
- Адамсенгісіз оқиға: Ақтауда...
Адамсенгісіз оқиға: Ақтауда әскерден қашып, жоғалып кеткен сарбаз 28 жыл өткен соң табылды
Ақтауда әскерден қашып, жоғалып кеткен сарбаз 28 жыл өткен соң табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
1996 жылы күзде әскерге кетіп, оралмаған Атырау облысының тұрғыны Бейбіт Қозыбаев 28 жылдан кейін аман-есен табылған.
Atpress.kz мәліметінше, таяуда сарбаздың анасы Маржан Қозыбаева туған ұлымен қауышты.
"Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін міне, 28 жылдан кейін бауыр еті баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды", - дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.
Lada.kz
Қозыбаев Бейбіт Алтайұлы - Атырау облысы Жасқайрат ауылының тумасы. Ол 1997 жылы 9 қыркүйекте жоғалған, осы уақытқа дейін оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады.
Бұл жағдайға қатысты Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы түсініктеме берді.
"Осы қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына сәйкес процестік шешім қабылданады. Нәтижесі кейінірек хабарланады. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова