- Негізгі бет
- LifeStyle
- Адамның сырт келбетіндегі...
Адамның сырт келбетіндегі өзгерістер қандай аурудан хабар береді?
Кейде дәрігер науқастың сырт келбетіне, мысалы, бетіне және денесіне қарап, сондай-ақ оның шағымдарын тыңдап, қандай да бір аурудың барын сезіктенеді. Содан соң диагнозды нақтылау үшін науқасты анализдер тапсыруға және қосымша тексеріске жібереді. Дәрігер Евгения Москалькова Doctorpiter порталына қандай сырт келбет өзгерістері аурудың нақты белгілері болуы мүмкін екенін айтты.
Буындар мен сүйектер жағдайы
Науқасты қарау кезінде дәрігер мынадай ерекшеліктерге мән береді:
- Қолдың ұсақ буындарының өзгеріске ұшырауы, буындардың жуандауы, олардың қозғалғыштығының шектелуі. Бұлай ревматоидты артрит пайда болады;
- Буындар аймағында тығыз және шығыңқы түйіндердің пайда болуы – бұл подаграға (тұз байлану ауруы) тән;
- Дененің алға еңкеюі – бұл остеопорозды көрсетеді.
"Мысалы, дәрігер таяққа сүйеніп, алға еңкейіп немесе бүкірейіп келе жатқан қарт кісіге қарап, мұндай өзгерістер остеопороздың, дәлірек айтсақ, сүйектің минералды тығыздығының төмендеуіне байланысты омыртқаның қыспа сынықтарының салдары екенін бірден түсінеді", - деп түсіндірді дәрігер Евгения Москалькова. — Сондай-ақ біз адамның аяғына қарап және егер ер адам бірінші башпай аймағы қатты ауырсынатынын айтып шағымданса, бұл подагра екенін түсінеміз. Бұл аурудың асқынған түрінде башпай буынының айқын ісінуі мен қызаруы пайда болады, бұл науқасқа айтарлықтай ыңғайсыздық тудырады".
Тері жағдайы
Дәрігер науқастың тері жағдайына да аса мән береді.
- Бозарыңқылық - теміртапшылықты және басқа да анемия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
- Көз астының қараюы - бүйрек үсті безі патологиясы;
- Терінің, соның ішінде мұрын-ерін үшбұрышының көгеруі. Бұл демікпемен қатар жүрсе, ол жүрек немесе тыныс алу жеткіліксіздігін білдіруі мүмкін;
- Терінің сарғаюы - қауіпті және созылмалы гепатит, өт жолдары аурулары, асқазан-ішек жолындағы жаңа түзілімдер;
- Тері қатпарларының және мойынның артқы жағының қатты қараюы - қант диабеті;
- Афтозды стоматит немесе ауыз қуысының шырышты қабығындағы ақшыл жаралар — Крон ауруы немесе ойық жаралы колит;
- Бет терісіндегі сары түсті түзілімдер (ксантомалар) — липидтер алмасуының бұзылуы;
- Безеу — андроген деңгейінің жоғарылауы;
- Іштің алдыңғы қабырғасының кеңейтілген веналары ("медузаның басы") — бауыр веноздық жүйесіндегі қысымның жоғарылауы, көбінесе — бауыр циррозына байланысты;
- Витилиго - иммунитет бұзылуының белгісі;
- Ауыз бұрыштарындағы хейлит немесе "ауыздық" — темір немесе В дәрумендерінің жетіспеушілігі;
- Сыртқы себептерсіз теріде көгерудің пайда болуы — қан ұю жүйесінің бұзылуы.
"Бұл белгілердің барлығы диагнозды растау үшін қосымша тексерісті қажет етеді", — деп ескертті дәрігер. "Жедел медициналық көмекке жүгіну керек тері өзгерісі - бұл сарғаю".
Тырнақ жағдайы
- "Барабан таяқшалары" — саусақтардың тырнақ фалангасының ұлғаюы — созылмалы гипоксиямен бірге жүретін өкпе мен жүрек аурулары;
- Тырнақтарда әрең байқалатын бойлық немесе көлденең жолақтар, ал ауыр жағдайларда — тырнақтардың қасық тәрізді тегістелуі — темір тапшылығы анемиясы;
- Тырнақтардағы терең бойлық жолақтар, "Бо сызықтары" - олар қауіпті жағдайлардан соң 2-3 аптадан кейін пайда болуы мүмкін: қан айналымының бұзылуы.
- Тырнақ пластинасының қалыңдауы мен оның түсінің өзгеруі - тырнақ саңырауқұлақ инфекциясын көрсетуі мүмкін.
"Егер сіз сипатталған өзгерістердің біреуін байқасаңыз, қандай да бір аурудың асқынуын алдын алу үшін терапевтке немесе жалпы тәжірибе дәрігеріне қаралыңыз, қажет болған жағдайда ем алыңыз", - деп қорытындылады Евгения Москалькова.
Еске салайық, бұған дейін бауыр циррозының денеде көрінетін белгілерін жазған болатынбыз.
А. Жапатова