- Негізгі бет
- LifeStyle
- Адамның өтірік айтып...
Адамның өтірік айтып тұрғанын қалай білуге болады? 3 белгі
Көпшілік адам кейде өтірік айтады. Біреулер аңдаусыз өтірік айтса, басқалары өтірікті манипуляциялық құрал ретінде пайдаланады. Біреуден күмәндансаңыз, оны мына белгілерге тексеріңіз.
Бет: көзі ойнақтайды және ернін қозғайды
Көпшілік төменге қарауды және көзге тіке қараудан қашуды өтірік айтушының белгісі деп санайды. Алайда олай емес. Егер адамның көзі ойнақтап тұрса, жиі көзін жыпылықтатса, ернін қысса, оның шынайылығына күмәндануға болады. Сондай-ақ өтірік айтушы орынсыз күлуі мүмкін.
Қол: әр нәрсені ұстап кетеді
Ыңғайсыз жағдайда адам өзін тыныштандыруға тырысады. Мысалы, күйзеліс сезімін азайту үшін ернін, көзін, құлағын, мұрнын ұстайды. Сондай-ақ ол қолын үстелдің астына тығуға немесе қалтасына салуға тырысуы мүмкін.
Аяқ: айқастырады, табанымен еденді соғып отырады, тербеліп отырады
Көпшілік адам әңгімелесушінің беті мен қолына аса мән береді. Алайда, "тынымсыз" аяқ та өтірік айтушының арам ойын білдіріп қоюы мүмкін.
А. Жапатова