Басқа адамның эмоциясын түсіну үшін біз әдетте оның бетіне және көзіне қараймыз. Алайда бұл әдіс әркез көмектесе бермейді, себебі көпшілік адам бет қимылын жақсы бақылай алады. Бірақ адамның ниеті мен эмоциясын басқа да белгілер арқылы анықтауға болады. Мысалы, клиникалық психолог Денис Долгов өзінің телеграм-каналында әңгімелесушінің өтірік айтып отырғанын түсіну үшін тек бетіне емес, сондай-ақ аяғына қарап байқауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әңгімелесу кезінде өтірікшіні оның табанының жылдам қозғалысы білдіріп қоюы мүмкін.
"Профайлинг бойынша американдық сарапшы Джо Наварро адам өтірік айтып отырған кезде табанын белсенді қозғап бастайтынын айтты. Жақсы өтірікші бет қимылын бақылауда ұстайды, одан да жақсы өтірікші қолының қимылына мән береді, бірақ әдетте олар аяғы жайлы ұмытып кетеді. Десе де бейсаналы түрде ол сезіледі, сондықтан өтірік айтуға бейім көпшілік адам жабық үстелде отырғанда өздерін жайлы сезінеді", - дейді Денис Долгов.
Психологтың айтуынша, Джо Наварроның пікірі психолог Пол Экманның зерттеуінде де дәлелденген: зерттеуге қатысқан барлық адам жынысына және жасына қарамастан, өтірік айту кезінде аяқтарын қозғап отырған.
Оқи отырыңыз: Өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтады?