Адамның жүрісі оның психикалық жағдайына әсер етуі мүмкін

Адамның жүрісі оның психикалық жағдайына әсер етуі мүмкін
Фото: depositphotos.com

Адамның жүрісі оның психикалық жағдайына әсер етуі мүмкін. Мұның себебін кинезиолог дәрігер, фитотерапевт, подиатр Григорий Крутов түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, адам әр қадам жасаған сайын ондаған буын, бұлшықет және қимыл-қозғалысты үйлестіруге жауап беретін жүйке жүйесінің көптеген бөлімі бір мезетте жұмыс істейді.

Егер табан өзіне тиесілі тірек қызметін дұрыс атқармай қалса, оның жұмысын дененің басқа бөліктері өтеуге мәжбүр болады. Соның салдарынан ми тепе-теңдікті сақтап, қимылды үйлестіру үшін қосымша күш жұмсайды. Ал табанның деформациясы қозғалысқа қосымша бұлшықет топтарын тартып, созылмалы бұлшықет кернеуіне және шаршауға әкеледі. Бұл өз кезегінде орталық жүйке жүйесіне артық салмақ түсіреді. Соның салдарынан аяқ ауырлап, белдің ауыруы мен жалпы шаршаумен қатар, ашушаңдық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы және басқа да психикалық жай-күйлер пайда болуы мүмкін.

Ағзаға зиян келтіретін мұндай жүрісті түзету үшін қимыл-қозғалыс үйлесімін жақсартып, бұлшықеттердің дұрыс жұмысын қалпына келтіру қажет. Дәрігерлер бұл үшін подиатрдың қабылдауына жазылып, тексерістен өтуге кеңес берді. Қажет болған жағдайда маман табанға арналған жеке дайындалатын толық жанасатын ортездерді тағайындауы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget