Невролог, психотерапевт, сомнолог, медицина ғылымдарының докторы Елена Корабельникова қорқынышты түстердің тосын себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KP.RU-ға сілтеме жасап.
Профессордың сөзінше, адам қатты уайымнан, стрестен немесе қатты шаршағаннан қорқынышты түс көреді. Яғни, ұйқы кезінде эмоциялық қозу толық "басылмай", ми соны түс арқылы шығарады.
Ол қорқынышты түстердің басқа да жиі кездесетін триггерлері ретінде ұйықтар алдында артық тамақ жеуді, шуды, жарықты, ұйқы гигиенасының бұзылуын, сондай-ақ, ортаның өзгеруін атады. Бұдан бөлек, Корабельникова қорқынышты түстер арқылы ми стресс жағдайларға бейімделетінін, сондықтан адамдар түсінде қорқыныш көрсе де, әдетте рахаттанып оянатынын атап өтті.
Егер адам қорқынышты бір түсті қайталап көре берсе, демек маманға жүгінуі керек. Оның жиілігін азайту үшін сомнолог күнделікті өмірдегі стресті азайтуға, дұрыс ұйықтауды және қажет болған жағдайда мамандардан көмек сұрауды ұсынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!